Мектепішілік пәндік олимпиадалар – білім бәйгесі!
✨ *Мектепішілік пәндік олимпиадалар – білім бәйгесі!* ✨ 11 қараша 2025 жылы мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында *мектепішілік пәндік олимпиадалар* өткізілді. 🏅 Бұл шараның басты мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. 📚 Оқушылар математика, физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, география, информатика сияқты пәндер бойынша өз білімдерін сынады.