18
ноябрь
2025
Кітап - білім бұлағы






№16 орта мекетеп-гимназиясы кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында КІТАПТІМЕ: жаңа әлемге қадам атты әдеби ашық кітап күні өтті. Мақсаты – кітап оқу мәртебесін көтеру, жалпы көркем әдебиетті насихаттау, білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Әдеби ашық кітап күні екі кезеңде өтті: бірінші кезең мектеп акт залында
«Кітап - білім бұлағы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрменің мақсаты: Отандық және әлемдік әдебиеттің үздік авторларын еске түсіру, олардың шығармашылығымен кеңінен таныстыру.
Кіріспе әңгімеде кітап – адамның адал серігі, барлық білімнің негізгі қайнар көзі екендігі айтылды.
Кітап көрмесіне арнайы таңдалған әдебиеттер оқырмандардың әртүрлі жас санаттарына және кез келген талғамға арналған. Көпшілігі әлем әдебиетінің алтын қорына енген
қаламгерлердің сан алуандығымен, олардың шығармаларымен оқырмандарды таныстыру мазмұнды әрі қызықты өтті
Екінші кезең кітапханада "Менің сүйікті кітабым" атты библио квилт ұйымдастырылды. Квилт – бұл көрпе ғана емес, әр беті – бір оқырманның оқыған кітабы, сезімі, қуанышы.
3"В" класс оқушылары өздері оқыған кітаптарын жарнамалап, өздеріне ұнаған кітапты Like қою арқылы бағалады.
«Моя любимая книга» библио квилт, «Кітап –білім бұлағы» кітап көрмесі оқырмандарға жаңа ашулар мен ерекше сезімдер мен қуаныш сыйлады.