Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістеме бірлестігінің апталығы
22.11.24 Ж 11 ә сыныбында "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!" тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізілді. Оқушылар Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін нақышына келтіре жатқа оқып, "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" әндерін орындады. Ұлы ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді және Абай өміріне қатысты қызықты мәліметтер алды. Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтып, өз пікірлерімен бөлісті.