«Көңілді старт»
"Салауатты өмір — көңілді эстафета!" Мақсаты: Оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтына баулу және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Міндеттері: Оқушыларды әртүрлі қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы шынықтыру. Жылдамдық, ептілік, күш және төзімділік қасиеттерін дамыту. Бір-бірін қолдауға, ынтымақ пен достыққа тәрбиелеу. Спорттық ойындар арқылы сабаққа қызығушылықты арттыру. Іс –шара 3-4 сыныптар арасында өтеді,әр сыныптан 8 оқушы 4 ұл,4 қыз.