Мектепішілік пәндік олимпиада » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
05
ноябрь
2025

Мектепішілік пәндік олимпиада


Мектепішілік пәндік олимпиада өтті

2025 жылғы 5 қараша күні мектебімізде 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды анықтау.

Биылғы жылы олимпиадаға 12 пән бойынша 142 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Пәндер бойынша тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау және талдау қабілеттерін айқындауға бағытталды.

Нәтижесінде, жоғары нәтиже көрсеткен және I орынға ие болған оқушылар қалалық кезеңге қатысуға ұсынылды.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз, ал жеңімпаздарға келесі кезеңде сәттілік тілейміз!