13
ноябрь
2025
Жылы жүрек – жылы сөз


13 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының "Қамқор" жобасы аясында «Жылы жүрек – жылы сөз» атты мейірімділік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты:Оқушыларды мейірімділікке, бір-біріне қолдау көрсетуге, жылы сөз айтуға тәрбиелеу; ұжымда жағымды психологиялық орта қалыптастыру; адамдарға жақсылық жасау мәдениетін дамыту. Акцияға қатысқан оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне жылы лебіздер айтып, мектеп ұжымында жағымды, мейірімді атмосфера қалыптасты. Оқушылардың бойында қайырымдылық, алғыс айту, құрмет көрсету дағдылары нығайды.