Мектепішілік пәндік олимпиада
Мектепішілік пәндік олимпиада өтті 2025 жылғы 5 қараша күні мектебімізде 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді.Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды анықтау. Биылғы жылы олимпиадаға 12 пән бойынша 142 оқушы қатысып, өз білімдерін сынады. Пәндер бойынша тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау және талдау қабілеттерін айқындауға бағытталды.