Біздің спорттық жетістіктеріміз » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
» » » Біздің спорттық жетістіктеріміз
18
апрель
2025

Біздің спорттық жетістіктеріміз

5-6,7-8 сыныптар арасында дене тәрбиесі пәнінің қалалық және облыстық олимпиадасына анықтама2025 жылдың 03-09 сәуір күндер аралығында Талдықорған қаласында 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру пәні бойынша қалалық олимпиада өтті
Мақсаты – оқушылардың дене дайындығы мен теориялық білімдерін бағалау, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық ойындар арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушылардың дене шынықтыру пәні бойынша білімін жетілдіру;
Жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту;
Ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы салт-дәстүрге баулу;
Командалық ойындар арқылы бірлесе жұмыс істеуді үйрету;
Дарынды және спортқа бейім оқушыларды анықтау.
Олимпиада барысында оқушылар келесі спорт түрлері бойынша сынға түсті:
Гимнастика
Волейбол
Баскетбол
Футбол
Жеңіл атлетика (қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, доп лақтыру)
Бес тас
Асық ату
Теориялық тапсырмалар (спорт тарихы, ережелер, алғашқы медициналық көмек туралы сұрақтар)
Шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар спорттық шеберліктерін, білімдерін және командалық үйлесімділіктерін көрсете білді. Жарысқа 5-6 сынып 10 спортшы 5 қыз,5 ұл,7-8 сынып 10 спортшы 5- қыз,5-ұл қатысты.5-6 сынып оқушылары III – орынға иеленіп,7-8 сынып оқушылары I – орынға ие болып облыстық олимпиадаға 8 оқушымыз іріктеуге жолдама алды.Жетекшісі Акмаматова Г.Т,Шакир А.Ш
2025 жылдың 17-18 сәуір күндері облыстық олимпиада боп өтті,олимпиадаға иріктеуден өткен 5-6 сыныптар арасынан 4 оқушы,7-8 сыныптардан 4 оқушы өтіп,өздерін жоғары көрсеткіште көрсетіп 5-6 сыныптар арасында II- орынға иеленсе,7-8 сыныптар I – орынға иеленді.Жетекшісі Акмаматова Г.Т,Шакир А.Ш

5-6 сынып
Бағланқызы Мәриям
Марат Аяла
Ерғали Абай
Қулықбай Амир

7-8 сынып

Ануарбек Айнура
Жұман Амина
Қабдолдаев Данияр
Төлеген Жақсылық