12
март
2025
"Күш білекте емес, жүректе"





12.03.2025 жылы №16 ОМГ-ның «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының және «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы аясында оқушылармен«Талдықорған қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының бас маманы Сергеева Диана Кайратовна мен Джиу джитсу спортынан спорт шеберлігіне үміткер 3 дүркін әлем чемпионы5 дүркін ҚР Чемпионы Азия чемпионы. Бірнеше дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері Талғатқызы Данагүл және бокс спорт түрі бойынша 2023 жыл жасөспірімдер арасында Азия және Әлем чемпионатының женімпазы. 2024 жыл жастар арасында Қазақстан Республикасының және жастар арасында Азия чемпионатының женімпазы.
2024 жыл жастар арасында Әлем Чемпионатының қатысушысы. Сыдық Аяжан Ерланқызымен кездесу болды. Кездесу барысында 8,9,10-сынып оқушылары қатысты. Бұл жүздесу жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануымен қатар ата-ананы құрметтеу, имандылық, ізеттілік, адамгершілік секілді құндылықтарды бойына сіңіру сонымен қатар қазіргі кездегі жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізілді. Кездесу барысында Әлем чемпиондары спорттық жолындағы жетістіктерімен бөлісе отырып «Күш білекте емес, жүректе» екенін атап өтті.
Мектеп оқушылары атақты спорт шеберлеріне сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.