Ерлік сабағы
Бүгін мектебімізде №54380 әскери бөлімі, Талдықорған қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен Кеңес одағының батыры, мерген, Алия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерлік сабағы өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа батыр тұлғаларымызды үлгі етіп дәріптеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында батырдың өмірі мен майдандағы ерліктері айтылды, ары қарай ардагер ағамыз М. Ахметжанов жастарды отанды сүюге, қорғауға дайын болуға шақырды,