Ерлік сабағы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
04
февраль
2025

Ерлік сабағы

Бүгін мектебімізде №54380 әскери бөлімі, Талдықорған қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен Кеңес одағының батыры, мерген, Алия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерлік сабағы өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпаққа батыр тұлғаларымызды үлгі етіп дәріптеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында батырдың өмірі мен майдандағы ерліктері айтылды, ары қарай ардагер ағамыз М. Ахметжанов жастарды отанды сүюге, қорғауға дайын болуға шақырды, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың тәрбие және идиологиялық жұмыстары, әскери қызметті насихаттау жөніндегі инспекторы Е. Дәуренбаев және №54380 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор А. Оспанов жоғары әскери оқу орындары жайында материалдар көрсетіп оқуға шақыру ақпарат қағаздарын таратты. Оқушылар сұрақтар қойып толық жауап алды.