«Төрлет, төрлет, Әз-Наурыз!» кітап көрмесі » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
» » «Төрлет, төрлет, Әз-Наурыз!» кітап көрмесі
20
март
2024

«Төрлет, төрлет, Әз-Наурыз!» кітап көрмесі

№16 орта мектеп-гимназиясы кітапханасында «Төрлет, төрлет, Әз-Наурыз!» кітап көрмесі ұйымдастырылды
Наурыз – жаңа бастамалардың, бірлік пен келісімнің, ізгілік пен бейбітшіліктің, қайырымдылық пен мейірімнің мерекесі.
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған кітапханада «ТӨРЛЕТ, ТӨРЛЕТ, ӘЗ-НАУРЫЗ!» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – наурыздың шығу тарихы мен маңыздылығы, халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары туралы кеңінен ақпарат беру, ұлттар мен ұлыстардың достастығын насихаттау, қазақ халқының мәдениетімен таныстырып, құрметтеуге үйрету.
Кітап көрмесі атаулы мерекенің шығу тарихын, маңыздылығын көрсететін әдебиеттерден басталады. Көктемгі көрісуден бастау алған амал мерекесі, ұлтымыздың салт-дәстүрлері туралы және ақ бата кітаптары көптеп қойылған. Оқырмандар назарына халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлері, ұлттық қолөнеріміз бен киім кию әдебіндегі ерекшеліктер туралы әдебиеттер, қазақтың ұлттық тағам түрлері, наурыз көженің дайындалу тәсілдері жинақталған әдебиеттер орын алған.