Ағылшын тілі апталығы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Коммунальное государственное учреждение
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
Отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования области Жетису
Приемная
+7(728) 225-33-11
Бухгалтерия
+7(728) 225-33-11
Версия для
слабовидящих
20
февраль
2025

Ағылшын тілі апталығы

20.02.25.күні шет тілі әдістемелік бірлестігінің пән апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Таласбаева Шырын Сейткалиевна 8А сыныбымен “The Star hour” тақырыбында сыныптан тыс викториналық ойын өткізді. Ойынның мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту; сөздік қорын кеңейту және басқа мәдениеттерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;Ойын 3 раундтан тұрды.Сынып екі топқа: “The USA” және “The UK” болып бөлінді. Ойын барысында оқушылар екі елдің өмірінен алынған қызықты викториналық сұрақтарға жауап берді, шатасқан әріптерден сөздер құрады сондай-ақ ағылшын тіліндегі ең ұзын сөздің ішіндегі әріптерден сөздер құрап жарысты. Нәтижесінде “The UK” тобы 70:62 есебімен айқын басымдылық танытып, жеңіске жетті.