Қамқоршылық кеңес жұмысы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес жұмысы
28
май
2018

Қамқоршылық кеңес жұмысы

 


Қамқоршылық кеңес жұмысы

2018 жылдың 5 сәуір күні №16 орта мектеп – гимназиясында қамқоршылық кеңестің  отырысы өтті. Отырысқа қамқоршылық кеңестің 6 мүшесі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог қатысты.

Отырыста қарастырылған сұрақтар:

1.Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жолдары.

2.Мектеп алаңдарын абаттандыру және көгалдандыру кезінде көмек көрсету.

3.Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылының қорытындысы.

Бірінші сұрақ бойынша  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Т.Чакаров сөз алды. Т.Чакаров өз сөзінде қамқоршылық кеңес мүшелерін оқушылардың жазғы демалыс жолдарымен таныстырды. Мектеп бойынша 142 аз қамтылған, жетім және ата – анасының қамқорлығысыз қалған оқушылар бар.

04.06.2018ж. бастап №16 орта мектеп-гимназиясы жанынан 1-4 сынып оқушыларына арналған жаздық лагері ашылады

1 кезең – 04.06-16.06.2017ж.

2 кезең – 18.06-30.06.2017ж.

3 кезең – 02.07-15.07.2017ж.

 4 кезең – 16.07-28.08.2017ж. жазғы алаң жұмыс жасайды.

Мектепте 50 жатын төсегі , 4 жатын бөлмесі, 1 ойын бөлмесі, 1 гардероб, 1 демалыс бөлмесі, медпункт жұмыс істейді.


Тегін тамақтанатын бала

Бала саны

І кезең


ІІ кезең

ІІІ кезең

Жалпыға бірдей білім беру қорынан

41

10

10

21

Асхана жалдаушысы есебінен

10

3

3

4

Тегін тамақ ішетін бала саны

51

13

13

25


Жыл сайын аз қамтылған отбасы балаларына Текелі қаласындағы лагерге жалпыға бірдей білім беру қорынан 40 жолдама  беріледі және Балқаш көліне демалуға барады.

Екінші сұрақ бойынша Т.Чакаров биология пәнінің мұғалімдері А.Болатбаева, Л.Лим мектептің алаңдарына көп жылдық бархат, Панский, лилия, раушан гүлдерін  және мектептің жан-жағына 10 тал ағаш отырғызуды ұйымдастырды деп мәлімет берді.

Үшінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңестің төрағасының орынбасары А.Кенжеманова сөйледі. 2017-2018 оқу жылында қамқоршылық  кеңестің 4 отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланды.






Қамқоршылық кеңес мүшелері  бракераж комитетімен асханада айына бір рет рейдке қатысып, оқушыларды тамақтандыру және асхана жұмысының

сапасын анықтап, қантар айында жалпыға бірдей білім беру қорын әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар арасында бөлінуін қадағаладық.

    Оқушылар арасында  мектеп формасын сақталуын қадағалау жұмыстарына қатыстық.

Ата – аналар қауымдастығы, мұғалімдер, оқушылар, демеушілер «Қайырымдылық»  акциясына, яғни 45 оқушы, 23 ата-аналар,14 ұстаздар және демеушілерлер белсенді  қатысты. Олар: Рамазанова Ш.К. және 0 а сынып ата – аналары, Унаньян Елена Григорьевна және 7в сынып ата-аналары, Жуменко Светлана Николаевна, Омарова Нургуль Молдахметовна  және 4в сынып ата-аналары, Амиргожанова Ботакоз, Бузаубакова Гаухар Омарбековна, Большакова Ирина Анатольевна, Наримбаева Айша Алимбаевна. Асхана жолдаушысы Оспанова Гульнар, ата-аналар комитетінің төрайымы Токаева Эльмира.  

Өзін-өзі басқару «Жас ұлан» ұйымдары үн парақтар таратты. Акцияға белсене ат салысқан оқушылар да болды,олар: Белка Дмитрий және Селезнев Дима 5б сынып оқушылары, Кенжехан Ернұр, Сәрсенқұл Хасанали 7б сынып оқушылары,8 а сынып оқушылары, Тұрарова Дильназ 9а сынып оқушысы, Шегебаев Эмиль және Журавлев Богдан 9б сынып оқушылары, Асқарқызы Амина 3ә сынып оқушысы, т.б.

Жалпы «Қамқорлық» акциясының аясында 183 200 теңге көлемінде 40 аз қамтылған, сәтсіз  отбасындағы оқушылар және қамқорлыққа алынған оқушылар әртүрлі әлеуметтік көмек алды.




Қамқоршылық кеңес мүшелері 2018 – 2019 оқу жылында жұмыстарын  дамыту, жақсарту мақсатында алдыларына демеушілерді тарту міндетін қойып отыр.