Дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігінің әдістемелік күні «Шынықсаң шымыр боласың» » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігінің әдістемелік күні «Шынықсаң шымыр боласың»
03
ноябрь
2017

Дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігінің әдістемелік күні «Шынықсаң шымыр боласың»

Дене тәрбиесі әдістемелік күнінің тақырыбы:
«Шынықсаң шымыр боласың»


Мақсаты: Өскелең ұрпақты сымбатты ұлт жанды тұлға ретінде дамыту және салауатты өмір салтын ұстанатын ерекше тұлғаны қалыптастыру.

«Шынықсаң шымыр боласың» атты тақырыппен дене тәрбиесі әдістемелік күні 10.10.2017ж. сағат 10.15- те салтанатты түрде ашылды.Ашылу салтанатына мектеп басшылары мен сынып оқушылары қатынасты. Алғы сөзді дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі А.Ш.Шакир апталық бағдарламасымен таныстырып өтті. Ашылу салтанаты, салтанатты жиында оқушыларды спорттық жетістіктерімен марапаттау рәсімімен өткізілді. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, мектептегі спорттық үйірмелерге қатысу туралы мағлұматтармен таныстырылып, мектебіміздің ардагер ұстазы, Халық аралық дәрежедегі спорт шебері А.Х. Берсанов өзінің спорт жолындағы жетістіктері туралы айтып, оқушылардың спортқа деген қызығушылын арттырды. Жиынның соңында «Джоккер» би тобы өздерінің спорттық флешмоп биін орындады.
YesYesYes

12.40 – 13.20. А.Х.Берсанов 10 «Б» сыныбымен. Спорт игры.Баскетбол тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ әдістемелік тақырыпқа сай.Оқушылар сабақты жақсы меңгеріп,өздерінің белсенділігін танытты.
YesYes


Ұсыныс: Белсенді технологияларды қолдану.


15.15 – 15.55. А.Ш.Шакир Доппен қозғалмалы эстафеталық ойындар атты тақырыппен 2 «Б» сыныбында интербелсенді тақтамен өткізді. Сабақ міндеттерін оқушыларға дұрыс жеткізе білді және мұғалім оқушы назарын толық болу үшін орынды дұрыс таңдай білді. Қолданылған әдіс-тәсілдердің сабақ міндеттері мен мақсаттары сай болды. Оқушыларды екі топқа бөліп топтарға сұрақтар қойылды, топтар өз сұрақтарына дұрыс жауап берді. Бір-бірлерін бағалап жақсы деген баға берді. Мұғалім сабақта сапалы білім беру жолында педагогикалық үрдістің тиімділігін арттыратын жаңашылдыққа бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланды.
YesYesYes

YesYes


Ұсыныс: 1. Құралдармен ойындарды толық көрсету керек.
2. Интербелсенді тақтамен сабақ өткізуді ары қарай жетілдіру қажет.



16.45 – 17.25. А.С.Исабаев 6 «А»сыныбымен Спорт ойыны. Футбол тақырыбында ашық сабақ өткізді . Сабақты оқушылардың жас ерекшелігіне сай өткізді. Жаттығу барысында болған кемшіліктерді дер кезінде көрсете білді. Сабақ жоспарға сай өткізілді.
Ұсыныс: 1 . Оқушыларға ойын кезіндегі арнайы жаттығулардың нақты орындалуына көңіл бөлу.
2. Интербелсенді тақтамен сабақ өткізу керек.
3. Ойын ережелерін практика түрінде нақтылап көрсету қажет.

08.45-09.25. Г.Т.Акмаматова 8 «А» сыныбы Спорт ойыны.Волейбол. Допты қабылдау техникасы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Мұғалім оқушылардан допты дұрыс лақтырып қабылдауларын талап етіп, өзі жаттығуларды көрсетіп отырды.




Ұсыныс: 1. Интербелсенді тақтамен сабақ өткізу керек.
2. Ойын жаттығуына деген танымдық белсенділіктерін арттыру қажет.
3. Әріптестерінің сабақтарына қатысып тәжірбие алмасу керек.
4. Уақытты тиімді пайдалану және сабақтың кезеңдерін жүйелеу.




16.45-17.25. М.Н.Қыдыралинов 7 «А»сыныбында. Спорт ойыны .Волейбол ойынының қабылдау техникасы атты сабағын интрбелсенді тақтамен өткізді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, сабаққа деген қызығушылығын көрсетті. Сабақта бағалаудың әдістерін қолданды.Сабақ соңында оқушылар сапқа тұрғызылып үйге тапсырма берілді. Сабақтың мақсаты мен міндеті сабақ тақырыбына сай болды.



Ұсыныс: 1. Сабаққа деген танымдық белсенділіктерін арттыру қажет.
2. Интербелсенді тақтамен сабақ өткізуді ары қарай жетілдіру керек.
17.30– 18.10. Ж.Н.Сарсекулов 5 «А» сыныбы( ұлдар ) Спорт ойыны. Баскетбол. Ойынның қабылдау техникасы тақырыбына интербелсенді тақтамен ашық сабақ өткізді. Сабақта видеодан дриблинг (допты алып жүру) көрсетіп,оқушылардың ойынға деген қызығушылықтарын арттырды. Сабақтың мақсаты мен міндеті сабақ тақырыбына сай болды. Мұғалім допты қалай алып жүру керектігін, бір-біріне допты дұрыс беруін көрсетіп қадағалады.



Ұсыныс: 1. Ойын жаттығуына деген танымдық белсенділіктерін арттыру қажет.
2. Интербелсенді тақтамен сабақ өткізуді жетілдіру керек.
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі арттыу.


2017-2018 оқу жылында дене тәрбиесі пәні бірлестігі мұғалімдері өз алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орташа дәрежеде орындады.

А.Шакир бірінші санатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі. Әдістемелік тақырыбы:
«Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі ». 1 сынып жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру курсын аяқтап, сертификатталған ұстаз. Жыл бойы өз тәжірибесін мектеп, қала көлемінде таратты . Қалалық семинарларға қатысып, басылымдарын Республикалық ғылыми-әдістемелік журналға жіберіп отырды. Апталық кезінде ашық сабақ өткізіп, өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісті.


М.Қыдыралинов бірінші санатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі. Әдістемелік тақырыбы: «Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудін тиімді жақтары»
1 сынып жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру курсын аяқтап, сертификатталған ұстаз. Апталық кезінде ашық сабақ,сабақтан тыс шахмат ойынын өткізді. Жыл бойы өз тәжірибесін мектеп, қала көлемінде таратты .


А.Исабаев бірінші санатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі.Әдістемелік тақырыбы: «Денсаулық сақтау технологияся»
Мектепішілік семинарлар мен коучтарға қатысты, апталық кезінде ашық сабақ өткізді. Өзінің іс-тәжербиесін басылымдарға жіберіп отырды.

Ж.Сарсекулов Екінші санатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі. «Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары»
Мектепішілік семинарлар мен коучтарға қатысып, апталық кезінде ашық сабақ өткізді.


Г.Т.Акмаматова дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Әдістемелік тақырыбы: « Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу».
Мұғалімдердің сабағына қатысып іс-тәжербие алысты.Апталық кезінде ашық сабақ өткізді.


Алдағы оқу жылында әр мұғалім өзін барлық саладан жан-жақты көрсету мақсатында, 2017-2018 оқу жылына төмендегідей мақсаттар мен міндеттер белгіледі.

2017-2018 оқу жылында алға қойған мақсаттар:

1. Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын орындау.
2.ӘБ мұғалімдері жаңа оқу жылында тақырыбы "Дене шынықтыру сабағында денсаулық сақтау технологиясын қолдану”
бойынша жұмыстарын жалғастырады.

3.Оқу және тәрбие жұмыстарында тиімді әдістерді қолданып,жақсы
нәтижелерге жету.
4.Қалалық,облыстық деңгейде өтетін жарыстарға белсене қатысып,жүлделі орындарды иелену.
5.Өздерінің жинақтаған тәжірибелерін әртүрлі баспа беттері арқылы бөлісу.

Міндеттері:
1.Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында курстардан өту
семинарларға қатысу,басылым беттеріне өздерінің жұмыстарын басу.
2.Оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру.
3.Қоғам талабына сай шығармашылық қабілеті мол,білімді,білікті тұлғаны
қалыптастыру,дамыту.
4. Дарынды балаларды іріктеп,қабілеттерін дамыту мақсатында жоғары
деңгейде жұмыс жасау .



ӘБ жетекшісі А.Шакир
Хатшы Ж. Сарсекулов