Мектеп тарихы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы 

 

 

Мектеп тарихы 

 

Талдықорғанқаласы, «Жастар» шағынауданында орналасқан №16ортамектеп-гимназиясы 5-18жасқа дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, жүйелі білім беруге арналған.

Талдықорған қалалаық атқару комитетінің халық депутаттар кеңесінің 1986 жылдың 28 тамызындағы №16/949 шешімі бойынша №22 жалпы ортабілім беру мектебі құрылды.

15.09.1988 жылы Талдықорғанқалалық атқару комитетінің халық депутаттар кеңесінің 1988 жылдың 15 қыркүйегіндегі №18-1341 шешімі бойынша №22 жалпы орта білім беру мектебінің нөмірі№16 болып бекітілді.

07.09.1992 жылы Талдықорған қалалық әкімшіліктің 1992 жылдың 07 қыркүйегіндегі №1278 шешімімен «Экология диалектика » бағыты бойынша жұмысжасайтын эксперимент сыныптар бекітілді.

07.09.1993 жылы Жалпыға білімберетін №16 мектеп 1993 жылдың 27 қыркүйегіндегі №1121 бұйрығы бойынша №16 мектеп-гимназиясына ауыстырылды.

03.05.2002жылы Алматы облысы әкімінің 20002 жылғы 03 мамырындағы шешімібойынша «16 орта мектеп-гимназиясы» «Жалпы білім беретін №16 орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды.

01.09.2002 жылы ҚРҒылым және Білімминистрлігінің 2002 жылдың 01 шілдесіндегі «12 жылдық білім беруге көшудегі эксперименттік жұмыс» туралы №524 бұйрығына сәйкес 12 жылдық білімге көшу сынағы басталды.

Мектептің құрылуы мен қалыптасуында және мектепті басқаруда

 

 


 

 

 

1986-1989 жылдары Жумагулов Амангали Калтаевич,


 

 

 

1989-1995 жылдары Исакова Лилия Викторовна,


 

 

 

 

1995-2009 жылдары Мирошниченко Надежда Васильевна,


 

 

 

2009-2012 жылдары Игембаева Зухра Кантаевна 


 
Сулейменова Салтанат Жанылисовна (2011 жылдан бері)

мектеп директорларының қосқан үлесі зор. Мектептің алғашқы кірпіші қаланған күннен бастап кәзіргі күнге дейін мектептен қол үзбеген ұстаздарымыз Алиханова Саулет Сейітхановна , Омарова Нұргуль Молдахметовна, Берсанов Алихан Хамидович біздің мақтаныштарымыз .

 

Берсанов Ибрагим Алиханович 2010 жылдың мектеп түлегі , ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы . Тайланд , Гватемала қалаларында өткен жарыстардың жүлдегері , ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының ұлттық командасының мүшесі.

«Алтын белгі» игерлері 2007 жылы Тилеубаева Асель, 2013 жылы Қаймолда Аслан ,2016 жылы Қылышбаева Айнұр және 2014 жылы « Үздік аттестат» иегері Тұрсынбекова Айым сынды алғыр оқушыларымыз мектеп мәртебесін көтерді .

2010 жылдан бастап халықаралық және республикалықдеңгейде ғылыми жобаларға қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар: Тилеубаева Альбина, Бикметова Зарина, Болысбаева Эльмира ,Сламжанова Шырын, Омарханова Маншук Джанабаева Диляра, Егембердиев Ануар, Мырзаханов Мади. Гаитов Рият .

Мұғалімдер арасында қала , облыс, республика көлемінде ұйымдастырылған кәсіби байқауларға қатысып жүлделі орындармен ерекшеленіп жүрген өңіраралық « Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт - 2015» байқауының жүлдегері Сулейменова Салтанат Жанылисовна , « Ең үздік флепчарт сабақтар-2016» байқауының 1 орын жүлдегері Шалкарова Зайгуль Мукашевна , Унанян Елена Григорьевна қалалық «Үздік флипчарт сабағы-2017 » байқауының І орын жүлдегері , облыстық «Үздік флипчарт сабағы-2017» байқауы ІІІ орын жүлдегері , Жуменко Светлана Николаевна облыстық «Үздік математика сабағы» байқауы ІІІ- орын жүлдегері , қазақ тілі мен әдебиет пәнінен республикалық ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздарының жетекшісі Даутова Айгуль Абдикеримовна .

2017-2018 оқу жылында мектепте 885 оқушы білім алуда. Олар 43 комплект сыныпта оқытылады 25 сынып қазақ тіліндегі сыныптар 101 бала «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері. 81 ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Олардың ішінде 77-і жоғары және1-і аяқталмаған жоғары, 3 орта білімді, 36 ұстаз жоғары санатты, 20 ұстаз 1-санатты, 8 ұстаз 2-санатты, 17- ұстаз санатсыз және 7 жас маман бар.