Біз туралы » Страница 13 » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагогикалық тәжірибе алмасуға арналған іс-шара
15
ноябрь
2024
Педагогикалық тәжірибе алмасуға арналған іс-шара
15 қараша күні мектепте маңызды шара-әдістемелік сағат өтті. Оның мақсаты педагогикалық тәжірибе алмасу және озық тәжірибені тарату алаңын құру болды. Бұл шара өз тәжірибелерімен, жаңашыл тәсілдермен және оқушылармен жұмыс істеудің тиімді әдістерімен бөліскен пән мұғалімдерінің басын қосты.Әдістемелік сағатқа 13 мұғалім қатысып, әрқайсысы өз сабақтарында сәтті қолданып жүрген әдіс-тәсілдері мен технологияларын таныстырды.Іс-шара жайлы атмосферада өтті. Қатысушылар жаңа тәсілдермен танысып қана
Пәндік олимпиаданың мектеп кезеңі
11
ноябрь
2024
Пәндік олимпиаданың мектеп кезеңі
2024 жылғы 06 қараша 9-10 сыныптар арасында №16 орта мектеп - гимназиясында мектепішілік пәндер олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңде мектебіміздің атынан қатысатын болады.
Жас мұғалімдерге арналған семинар
31
октябрь
2024
Жас мұғалімдерге арналған семинар
2024 жылдың 30-қазаны N16 орта мектеп-гимназиясында ЖММ тәлімгері Б.К.Туманбаеваның жетекшілігімен жас мұғалімдерге арналған семинар өтті. Семинар тренері Г.О.Бузаубакова маңызды әдістер мен қысқа мерзімді жоспар құру және ерекше білімді қажет ететін балалармен (ЕББҚ) жұмыс тәсілдерімен бөлісті.Семинар қатысушылары тәжірибелік кеңестер және сабақ сапасын арттыруға бағытталған әдістер үйренді.Семинар өнімді болып, жас педагогтар қоржыны пайдалы кеңестермен толығып, оларға ерекше шабыт пен әсер
Пәндік олимпиаданың мектеп кезеңі
24
октябрь
2024
Пәндік олимпиаданың мектеп кезеңі
Қазан айының 21-і күні 7-8 сыныптар арасында, сондай-ақ, 23-і күні 5-6 сыныптар арасында 16 орта мектеп - гимназиясында мектепішілік пәндер олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық кезеңде мектебіміздің атынан қатысатын болады.
Математика және информатика әдістеме бірлестігінің апталығы
18
октябрь
2024
Математика және информатика әдістеме бірлестігінің апталығы
17.10.2024 күні Информатика пән мұғалімдері Сейтбекова Г.А мен Байтүлек Ә.Ә 6 сынып оқушыларымен "Интеллектуалды ойындар" атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар жасанды интеллект және әр түрлі ойындар ойнап өз қызығушылықтарын көрсетіп, белсене қатысты.
Математика және информатика әдістеме бірлестігінің апталығы
18
октябрь
2024
Математика және информатика әдістеме бірлестігінің апталығы
17.10.24 күні математика пәні мұғалімі Сапаргалиев М.Т. 7 "А" сынып оқушылары арасында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайыс сабағын өткізді. Сайыс сабақ барысында Батырғалиқызы Амина, Айдар Адия, Медетқызы Альмира, Мұртазаева Амина, Айдарбек Ерсұлтан, Нұрлыбай Айару атты оқушылар пән бойынша жақсы білімдерін көрсете білді. Сайыс нәтижесінде жеңімпаз болып Мұртазаева Амина танылды.
Математика және информатика әдістеме бірлестігінің апталығы
17
октябрь
2024
Математика және информатика әдістеме бірлестігінің апталығы
16.10.24 күні математика пәнінің ұстазы Ержанова Лаура Әскербекқызы 9 "А" және 9 "Ә" сыныптар оқушылары арасында "Ақыл-ой гимнастикасы - математика" атты сыныптан тыс шарасын өткізді. Іс-шараға екі сыныптың да оқушылары белсенді қатысты. Жарыс нәтижесінде 9 "Ә" сынып оқушылары жеңіске жетті.
Математика және информатика әдістеме бірлестігінің апталығы
17
октябрь
2024
Математика және информатика әдістеме бірлестігінің апталығы
14.10.2024 күні математика пәні мұғалімі Толымбекбаева Маржан Талетқызы 8 "ә" сыныбында "Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушылар белсене қатысып, білімдерін көрсете білді.