Ашық сабақ
"Жас мамандар" апталығы аясында 14.04.2026 ж 3 «Б» сыныбында «Мейірімді өзен» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты пән мұғалімі Түлемісов Алтай Белтайұлы жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың белсенді қатысуына ерекше көңіл бөлді. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық тапсырмалар арқылы тақырыпты терең меңгерді. Әсіресе, мейірімділік пен табиғатқа жанашырлық туралы түсініктері кеңейіп, бір-біріне деген қамқорлық сезімдері байқалды. Мұғалімнің тиімді әдіс-тәсілдері