27
апрель
2026
«Еркіндігім – елдігім, тәуелсіздік – теңдігім» тақырыбында тарих апталығы бастау алды.
№16 мектеп-гимназиясында 27 сәуір – 4 мамыр аралығында «Еркіндігім – елдігім, тәуелсіздік – теңдігім» тақырыбында тарих апталығы бастау алды. Аталған апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына деген құрмет пен қызығушылықты арттыру, сондай-ақ тәуелсіздіктің маңызын терең түсіндіру.Апталық аясында түрлі танымдық сабақтар, зияткерлік ойындар, ашық сабақтар, көрмелер мен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз елінің тарихын құрметтеуге, патриоттық рухын нығайтуға ықпал етеді.Тарих апталығы – өткенді тану арқылы болашақты бағдарлауға мүмкіндік беретін маңызды білім беру алаңы.