15
декабрь
2025
Шет тілі әдістемелік бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты


Бүгін 15.12.25.күні мектебімізде Шет тілі әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен “Journey into the English world“ тақырыбында апталықтың ашылу салтанатын өткізді. Іс-шара барысында пән мұғалімдері апталықта өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды видео арқылы таныстырды. Сондай-ақ, ӘБ мүшелері таңертеңгісін көңілді музыкамен мектеп мұғалімдерін және оқушыларды қарсы алып, ағылшын тілінде кішігірім интервью ұйымдастырды. Үлкен үзілісте оқушылармен көңілді викториналар мен қызықты ойындар өткізіп, белсенді оқушыларды тәттілермен, сыйлықтармен марапаттады! Апта бойы бірлестіктің жұмысы жалғасын табады