Мектеп туралы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

Мектеп туралы

Мектеп туралы


     Талдықорғанқаласы, «Жастар» шағынауданында орналасқан №16ортамектеп-гимназиясы 5-18жасқа дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге, жүйелі білім беруге арналған.
    Талдықорған қалалаық атқару комитетінің халық депутаттар кеңесінің 1986 жылдың 28 тамызындағы №16/949 шешімі бойынша №22 жалпы ортабілім беру мектебі құрылды.
    15.09.1988 жылы Талдықорғанқалалық атқару комитетінің халық депутаттар кеңесінің 1988 жылдың 15 қыркүйегіндегі №18-1341 шешімі бойынша №22 жалпы орта білім беру мектебінің нөмірі№16 болып бекітілді.
    07.09.1992 жылы Талдықорған қалалық әкімшіліктің 1992 жылдың 07 қыркүйегіндегі №1278 шешімімен «Экология диалектика » бағыты бойынша жұмысжасайтын эксперимент сыныптар бекітілді.
    07.09.1993 жылы Жалпыға білімберетін №16 мектеп 1993 жылдың 27 қыркүйегіндегі №1121 бұйрығы бойынша №16 мектеп-гимназиясына ауыстырылды.
    03.05.2002жылы Алматы облысы әкімінің 20002 жылғы 03 мамырындағы шешімібойынша «16 орта мектеп-гимназиясы» «Жалпы білім беретін №16 орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды.
   01.09.2002 жылы ҚРҒылым және Білімминистрлігінің 2002 жылдың 01 шілдесіндегі «12 жылдық білім беруге көшудегі эксперименттік жұмыс» туралы №524 бұйрығына сәйкес 12 жылдық білімге көшу сынағы басталды.
   31.12.2020 жылы «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№16 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталды.
   2022-2023 оқу жылында мектепте 691 оқушы білім алуда. Олар 36 комплект сыныпта оқытылады 21 сынып қазақ тіліндегі сыныптар. 70 бала «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері. 70 ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде.