22
ноябрь
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістеме бірлестігінің апталығы
Мектебіміздің қазақ тілі мұғалімдері: Даутова А мен Дарменбекова А. 8 “В” және 8 “Г” сыныптар арасында өткен Дуляждау сайысынан үзінділер ұсынады. Дубляж ісіне қызыққан оқушылар дыбыстаған туындылардың арасында «Мой маленький Пони» және «Алдар көсе» мультфильмдері бар. Оқушылар анимациялық кейіпкерлердің әңгімесін ілеспе аудармамен аударып, сапалы дубляж жасау ісіне машықтанып жатыр.– Бұл – біздің алғашқы тәжірибеміз. Соған қарамастан, дубляждың сапасы талапқа сәйкес болуына баса назар аударып отырмыз. Өйткені кейіпкерлердің мінезі мен эмоциясын сол күйінде жеткізу үшін толық рөлге ену керек. Болашақта дыбыстауды сапалы деңгейге көтеріп, ұзақметражды фильмдерді қазақ тіліне аударуды көздеп отырмыз.