20
ноябрь
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістеме бірлестігінің апталығы
№16 орта мектеп гимназиясында 8«А» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кокенова Жадыра Акатаевна «Ұлттың ұлы ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы» атты сыныптан тыс іс – шара өткізді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныстыру, оның мысалдарында көтерілген адамгершілік, адалдық, әділдік, жомарттық, қарапайымдылық сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал ету.Іс – шара барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып, мысал өлеңдері бойынша көріністер көрсетіп, мысалдарға дубляж жасады. Іс- шара соңында викториналық сұрақтарға жауап беріп, сабақта алған білімдерін көрсете білді.