12
ноябрь
2025
Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде


2025 о.ж. 10-20 қараша аралығында Талдықорған қаласының "✓16ОМГ"КММ"-де "Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде" онкүндігі аталып өтілуде.Онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Танабаева Гульнар Садуакасовна өзге тілді 11Б-сынып оқушыларымен "Ыбырай Алтынсариннің "Атымтай Жомарт" әңгімесі"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ БжС технологиясымен өткізілді. 11Б-сынып оқушылары сабақта ұлы ағартушы-педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы,белгілі ұстаздың әңгімелері бойынша жан-жақты білімдерін көрсетіп,белсенділігімен көзге түсті. Танымдық сабақтардың маңызы балалар үшін өте зор екенін оқушылар өздері жазған эсселерімен дәлелдеді."Адал азамат"бағдарламасы құндылықтарының бірі еңбек пен білімнің мәнін терең түсініп,болашаққа бағдар алды.