«Оқуға құштар мектеп» жобасы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы
03
февраль
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

№16 орта мектеп-гимназиясы кітапханасының оқу залында «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сәйкес білім көзі болып табылатын кітаптар тұрағы, рухани байлық ордасы - кітапхана туралы «Ұлт тәрбиесінің қайнар
көзі – кітапхана» атты конференция өтті.
Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға деген ықыласын дамыту, оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.
Кітап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан оқырмандарды сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие беретін осы кітапхана.
Тәрбиенің көзі кітап-адамның досы, ақылшысы, сырласы. Конференцияға қатысқан 10 «ә» сынып оқушылары кітап-өнер, кітап-білім бұлағы, адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі. Барлық қауым, барлық адамзат кітаптан білім алып, соның арқасында өркениетті дамытып отыр. Кітап-ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші т.б. сұрақтар туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алысты. Конференцияның екінші бөлімінде Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романдары бойынша «Сүйікті бірінші парағым» , қиял, шығармашылық дағдылар мақала мазмұнын талдады

«Оқуға құштар мектеп» жобасы