Кітап-рухани байлығым » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2025

Кітап-рухани байлығым

15.10.25 күні 16 орта мектеп-гимназиясының “Еңбегі адал-жас өрен” жобасы аясында, айлық жоспар негізінде жұмысшы мамандық иесімен кездесу үшін, “Кітап-рухани байлығым” тақырыбында 9 ”А” сынып оқушылары Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасына барып, Саматова Шынар апаймен кездесіп қайтты.Кездесу барысында кітапханашымен сұхбат жүргізіп, мамандықты таңдау жолындағы себеп-салдарын сұрап, көкейдегі сауалдарды жолдай отырып, әңгіме өрбітті. Кітапханашы өз кезегінде сұхбат беріп қана қоймай, орталық кітапхана ішін аралатып, ондағы кітап қорларымен таныстырды. Кездесу соңында оқушылар кітапханашы маманымен суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.