«Филология пәндерінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында функцияналдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті
«Филология пәндерінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында функцияналдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті
Мақсаты
Мұғалімдерге жалпы функцияналдық сауаттылық, оның түрлері және коммуникативтік дағдылар, оларды дамыту жайлы мәліметтер беру.Практика жүзінде коммуникативтік дағдыларды колдану дағдыларын ұстаздардың шебер –кластарымен дамыту
Күтілетін нәтиже
Мұғалімдер функцияналдық сауаттылық , оның түрлері және коммуникативтік дағдылар , оларды дамыту әдістері жайлы мәліметтермен білімдерін жүйелеп, іс-тәжірибелерін көрсете алады. Оқу сауаттылығы, коммуникатвтік дағдылар арасындағы айырмашылықты, байланысты түсінеді, колдана алады.
Кеңес «Миға шабуыл» стратегиясының бір түрі Кинометафора әдісімен басталып, тақырыппен танысып,танымдық бағыттан басталды.
«ХХI» ғасыр дағдылары» бейнефильмі көрсетілді.
Бағыттаушы, ашық, жабық сұрақтар қойылып,мұғалімдердің бастапқы білімдері тексерілді.
1.Жалпы, дағды деген не?
2.Дағдыны қалай дамытуға болады ? және т.б,
3.Өз іс-тәжірибесінен мысалдар келтіру
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Танабаева Г.С. «Филология пәндерінде білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында функцияналдық сауаттылықты қалыптастыру»тақырыбы бойынша презентация ұсынып,әр дағдының ерекшелігі, оны дамыту туралы айтып өтті. Ақпараттық-танымдық презентацияны орыс тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Тиналиева А.Л. ұсынды.
Жалпы дағдылар туралы таныстырылымнан соң қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Танабаева Г.С. тыңдалым дағдысына тоқталып,өз тәжірибесінен мысалдар келтірді.Ұстаз өзі сабақ беретін 5Ә сыныбында аудиодиск материалдарын қолданудағы сұрақтар түрлеріне тоқталды.
Бұдан соң дағдылар бойынша іс-тәжірибесімен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері бөлісті:
Г.К.Жанабаева ПОПС стратегиясы арқылы жазылым дағдысына тоқталды.
Стратегия алгоритмімен таныстырып болған соң осы тақырып бойынша төрт сөйлем құрғызып,оқытып, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытты. Жазылым дағдыларын дамытатын стратегияларды атап өтті.
Даутова А.А. айтылым дағдысына тоқталып, мультфильм көрсетіп, оны дыбыстауды ұсынды.Бұл әдіс балалардың айтылым дағдысын ғана емес,актерлік шеберлігін ұштап,шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Канапиянова Б.М.»Оқылым-сөйлеу әрекетінің дағдысы» атты баяндамасымен оқылым дағдысына тоқталды, ерекшеліктерін көрсеткен ұстаз, дағдыны дамытатын әдіс-тәсілдерді атап,өз іс-тәжірибесіне тоқталып өтті.
Орыс тілі ӘБ-нен Г.М.Бозымбековна ұстаздармен «Фасилитация»стратегиясы арқылы өтініш жазғызып, жазылым, оқылым, айтылым,тыңдалым әрекеттерін дамыту жолдарын көрсетті.
Ағылшын тілі ӘБ-нен Танагузова Д.А.»Көпіршелер», «Ауырдан-жеңілге» стратегияларын көрсетті, ағылшын тілін меңгеру ерекшеліктеріне тоқталды.Бейнефильм ұсынып, әліпбимен таныстырып, латын әліпбиін үйрену үшін
ағылшын тілінің маңыздылығы зор екенін айтты.
Ахметова Б.Т. көрнекі үлестірмелі материалдар арқылы тіл дамыту дағдыларын дамыту туралы айтып өтті
Осыдан соң ұстаздармен «Табу-школа» тренингі өткізілді. Мұғалімдер шеңбер құрып, бір-біріне 2 сұрақтан қойып, өз көршісі туралы мейлінше көп ақпарат алғандықтарын дәлелдеді.. Сұрақтардың мектеп тақырыбы туралы болмауы –негізгі шарт!
Кері байланыс ретінде мұғалімдерге парақшалар беріліп, жұмыс жүйеленді.
Құрметті әріптестер, бүгінгі атқарған жұмыстарыңыз арқылы функцияналдық сауаттылық туралы біліп, түсінгендерінізді және қолдана алатындарынызды көрсеттініздер. Жарайсыздар!Назарларыңызға рахмет!!!