Білім беру жүйесінде бастысы –бұл тұлғаның интеллектуалды және эмоционалды дамуы. » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру жүйесінде бастысы –бұл тұлғаның интеллектуалды және эмоционалды дамуы.
04
февраль
2022

Білім беру жүйесінде бастысы –бұл тұлғаның интеллектуалды және эмоционалды дамуы.

Білім беру жүйесінде бастысы –бұл тұлғаның интеллектуалды және эмоционалды дамуы.     Өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдықты қажет ететін жағдайда заман талабына сай өмір сүріп , қызмет етуі қажет.  Осы орайда мұғалімдер алдында оқушыны тек университетке түсуге емес, өмірге     дайындау міндеті де тұр.  Осы мақсатта №16 орта мектеп-гимназиясының 10 «А» сыныбында өткізілген сауалнама қорытындыларына сүйене отырып, қазақ тілі мен әдебиеті, физика, алгебра мен тарих пәні мұғалімдері  білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл Lesson Study  өткізуді жоспарладық.  Жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы құрылды. Зеттеу тобымызда осы сыныпқа сабақ беретін мұғалімдермен осы сыныпқа қолданылатын әдістерді жоспарладық. Сабақта құрылымдалған тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың талдау дағдыларын дамытуды мақсатқа қойдық. Зерттеуіміз төрт сабақ бойынша жүзеге асырылады, әр сабақтан кейін әріптестерімізбен дәңгелек үстел жасалады.

Жүргізілген сауалнама негізінде Оқушылар өз ойын еркін жеткізу үшін «Әуе шары»  әдісін қолдану қаншалықты тиімдітақырыбы белгіленді. 

Мақсаты: Оқушылар осы әдісті қолдану арқылы өз ойын еркін жеткізуге, айтылған ойдың негізгі сөзін тауып, қарапайым түсініктер мен ұғымдардың табиғатын айқындай отырып, шығармашылық және ізденіс нәтижесінде ойдың маңызы мен мәнін ашуға, олардың қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беруге жетелейді.

Сабақты зерттеу тобының мүшелері

Ботантаева К.А - жетекшісі

Көкенова Ж.А

Сапаргалиев М.Т

Батеев К.О