09
апрель
2025
Жас маман апталығы аясында ашық сабақ




09.04.2025 күні Сәрсенбек Бақыт 3"А" сыныбында Жас маман апталығы аясында ашық сабақ өткізді. Сабақта AI технологиясы қолданылып, оқушылармен қызықты әрі мазмұнды сабақ ұйымдастырылды.Сабақ барысында:
Үй тапсырмасы тексерілді;
Жаңа сөздер Quizizz flash card платформасы арқылы таныстырылды;
Грамматикалық тақырып ESL әдістемесі бойынша түсіндіріліп, тапсырмалар орындалды;
Тыңдалым және оқылым дағдылары мәтінмен жұмыс арқылы дамытылды;
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берілді.
Сабақтың соңында оқушыларға қағаз таратылып, өз үйлерінің бөлмелерін сызу және сол бөлмелердің ағылшын тіліндегі атауларын жазу тапсырылды.
Әр тапсырма барысында оқушылар бағаланып отырды. Сабақтың барлық мақсаты толық орындалды.