12
ноябрь
2025
Бауырсақ пати




Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің «Тілім-менің тірегім» атты апталығы аясында пән мұғалімі А.А.Даутова қазақ әндеріне арналған «Бауырсақ пати» мерекесін өткізді. Мектеп дәлізінен қарсы алынған ұстаздар өздері білетін қазақ әндерін айтты. Бастауыш сынып мұғалімі Е.А.Баяндина «Атамекен» әнін шырқаса, мектептің әдістемелік орынбасары О.П.Ким Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді. Тосылмай ән салған ұстаздар мен оқушыларға сыйлыққа бауырсақ берілді.