Аттестаттарды тапсыру рәсімі
2025 жылдың 18 маусым күні #16 орта мектеп -гимназиясында аттестат тапсыруға арналған салтанатты жиын өтті. Бүгін мектептің 34 түлегін өмір деген үлкен сапарға шығарып салдық.Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл-қыздарымыз, ойы толып, білім нәрімен сусындап, кәмелеттік аттестат алып, алтын ұяларымен қоштасты. Түлектердің екеуі "Алтын белгі" төсбелгі иегерлері. Түлектер болашақта түрлі мамандықтар иесі болуға ниетті. 18.06.2025г. в актовом зале СШГ №16