24
июль
2025
Тарихи күн










2025 жылдың 24 шілдесінде жазғы демалыс алаңының оқушылары мен тәрбиешілері М. Тынышбаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады.Саяхат барысында оқушылар келесі бөлімдермен танысты:•Жетісу табиғаты мен экологиясы туралы экспозициялар;
•Ежелгі және ортағасырлық дәуір тарихы;
•Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық қолөнері;
•Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен еңбегі;
•Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктері.
Балалар музей қызметкерінің жүргізген экскурсиясын қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойып, тарихи жәдігерлерге ерекше назар аударды.
Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.