11
июль
2025
ЖАЗҒЫ АЛАҢНЫҢ 3-КЕЗЕҢІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ



Бүгін балалар үшін ерекше әрі жарқын күн болды!Жазғы демалыстың үшінші кезеңі өз мәресіне жетіп, жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.Балалар қызықты ойындар ойнады, көңіл көтеріп, бір-бірімен достасып, алаңдағы әр сәттен ерекше әсер алды.
Ең есте қаларлық сәттердің бірі — бассейнде шомылу! Бұл күн олардың жазғы демалысындағы жарқын естеліктерге айналды.
Алаңда өткен әр күн – балақайлар үшін жаңа білім, шынайы достық пен қуанышқа толы болды. Ұйымдастырушылар мен тәрбиешілер оларға барынша мейірім мен көңіл бөлді.
Құрметті ата-аналар, бізге артқан сенімдеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Балалардың шат күлкісі мен жарқын жүздері – біз үшін үлкен мәртебе.