16
май
2025
Қылмыстың алдын алу


16.05.2025г. в СШГ №16 состоялась встреча с лейтенантом полиции Еламаном Талгатовичем. На встрече лейтенант рассказывал ученикам 8-11 классов о "Профилактике правонарушений", "Об опасности наркотиков". Ученикам был показан видеофильм на эти темы. В завершении встречи, представитель правопорядка дал ребятам наставления, как уберечь себя от употребления наркотических и психотропных средств, посоветовал как можно больше заниматься спортом и вести здоровый образ жизни. 16 ОМГ- да 15.05.25 жыл
Нашақорлық – болашағымызға төнген қауіп
Құрметті оқушылар!
Бүгін біз қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – нашақорлық туралы сөз қозғап отырмыз. Нашақорлық – бұл тек жеке адамның ғана емес, тұтас отбасының, тіпті ұлттың болашағына қауіп төндіретін дерт. Есірткі адам санасын улап, өмірін құртып қана қоймай, оны қылмыс пен қатыгездікке итермелейді.
Біз бұл дертке бей-жай қарамауымыз керек. Әр ата-ана өз баласына дұрыс тәрбие беріп, оларды зиянды әдеттерден аулақ ұстауы қажет. Мектеп пен қоғам бірігіп, жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, есірткіден аулақ өмірдің маңызын ұғындыруы тиіс.
Нашақорлықпен күрес – бұл әрқайсымыздың міндетіміз. Біз бірге күрессек қана, таза, дені сау, бақытты қоғам құра аламыз.
Есірткіге – жоқ дейік! Өмірге – иә дейік!