1 мамыр - Қазақстан Республикасының Халықтардың бірлігі күні мерекесі аясында 7-8 сынып (қыздар) арасында өтетін волейбол ойыны » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр - Қазақстан Республикасының Халықтардың бірлігі күні мерекесі аясында 7-8 сынып (қыздар) арасында өтетін волейбол ойыны
02
май
2024

1 мамыр - Қазақстан Республикасының Халықтардың бірлігі күні мерекесі аясында 7-8 сынып (қыздар) арасында өтетін волейбол ойыны

Талдықорған қаласының орта мектеп оқушылары арасында
1 мамыр - Қазақстан Республикасының Халықтардың бірлігі күні мерекесі аясында 7-8 сынып (қыздар) арасында өтетін волейбол ойынының есебі

Мақсаты
1. Мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты нығайту
2. Оқушылар арасында спорттық бейімділіктерін шыңдау
3. Волейбол ойынына деген қызығушылықты кеңінен насихаттау

1 мамыр – Қазақ халықтарының бірлігі күніне орай Жетісу облысының
«Jetisy jastary » орталығы және Жетісу облысының салауатты өмір салтын сақтау орталығының қолдауымен 29 мамыр күні қала мектептері арасында
7-8 сынып (қыздар) арасында волейболдан жарыс болып өтті.
Жарысқа №1,12,14,16 орта мектептері қатысты. Ереже бойынша әр командада 6 ойыншы (3) қосалқы. Жарыс басталмас бұрын ойын ережелерімен және қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстырылды. Әр топтың ойындары айналмалы жүйеде өткізілді. Оқушылар өздерінің қарсыластарымен жан күйерлеріне бәрі жеңіске жететінін және әр ұпай үшін күресуге дайын екенін көрсетті. Ойын барысында оқушылардың байсалдылығы алғашқы ойында-ақ көрінді, олардың әрқайсысы доптың өз алаңына түсуіне жол бермеді.
Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша
1 орын №16 ОМГ
2 орын №12 ОМГ
3 орын №14 ОМГ
Жеңімпаз командалар кубок,медаль,грамота,номинациялармен марапатталды
1 мамыр - Қазақстан Республикасының Халықтардың бірлігі күні мерекесі аясында 7-8 сынып (қыздар) арасында өтетін волейбол ойыны