«Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері
08
февраль
2024

«Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері

№ 16 орта мектеп- гимназиясында 6 ақпан күні 5-9 сынып оқушыларының
ата-аналарына сынып жетекшілер З.М.Шалкарова, К.А.Ботантаева, А.Н.Болатбаева
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" бесінші сабағын өткізді.
Тақырыбы: «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері.
Мақсаты: Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру.
Міндеттері:
1. Интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру.
2. Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрету.
Сабақ барысында ата-аналарға видеоматериалдарды және ақпараттарды жеткізе отырып, тапсырмалар беріп, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, интернеттің пайдасы мен зиянын атап өтті. Кез келген ақпараттан ақ пен қараны ажырату, интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналарға ақпарат берілді, интернет қауіптерінен қорғану жолы ұсынылды.
Ата –аналардың жылы лебіздерімен сабақ аяқталды.
«Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері