«Ең үздік оқушы - 2024» интеллектуалдық байқауы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ең үздік оқушы - 2024» интеллектуалдық байқауы
06
февраль
2024

«Ең үздік оқушы - 2024» интеллектуалдық байқауы

2024 жылдың 6 ақпан күні жұмыс жоспарына сәйкес мектепішілік «Ең үздік оқушы - 2024» интеллектуалдық байқауы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру. Оқушылардың арасынан озық ойлы білім жүйрігін анықтау. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Байқауға 8-10 сыныптардан 9 оқушы қатысты, байқауды 85 көрермендер тамашалады.
Байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:
І-кезең: «Өзін-өзі таныстыру». Оқушылар электрондық портфолио Power Point бағдарламасында ұсынды, қорғау уақыты 3-5 минут болды.
ІІ-кезең: Викторина «Эрудит». Викторина барысында қаатысушыларға 1 минут аралығында жеңіл және логикалық сұрақтар қойылды, қанша сұраққа жауап берсе сонша балл жинауға мүмкіндігі болды.
ІІІ-кезең: «Пән ұяшықтары». Әр оқушы өзі таңдаған пәнен (география,физика,математика,қазақ тілі,қазақ әдебиеті, биология, химия, орыс тілі, орыс әдебиеті, тарих пәндерінен сұрақтар ұсынылды/ 10-30 балл аралығындағы ұяшықтарды таңдады. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе ұяшықта көрсетілген балл есепке алынды.
ІV-кезең: Шығармашылық өнер. Әр қатысушы өз өнерін ортаға салды, мысалы оқушылар ән, би, мәнерлеп оқу, актерлық шеберліктерін ортаға салды.
Байқаудың нәтижесі бойынша «Ең үздік оқушы - 2024» байқауының жеңімпазы 9 "Ә"сынып оқушысы Жақан Гүлім иеленді, І орын – Қанатбек Мади 9 "А" сынып , ІІ орын – Керімбек Нұрғали 9 "В" сынып,ІІІ орын – , Керімбек Азиза 8 "В" сынып оқушылары жүлделі орынды иеленді. Барлық қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.