«Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайы » №16 орта мектеп-гимназия. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған бойынша білім бөлімінің
«№16 орта мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 225-33-11
Есепші бөлімі:
+7(728) 225-33-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайы
20
декабрь
2023

«Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайы

әуелсіздік мерекесіне орай Өзін-өзі басқару ұйымының Дебат фракциясы Биғабылова Нұрайдың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайысын өткізді.

Бұл дебат 8,9 сынып оқушылары арасында өтті, атап айтқанда Биғабылова Нұрай ,Сүндетбай Жанерке, Дәуіт Анель,Мейрамбек Нұрсұлтан, Омар Айдана белсене қатысты.

Дебат сайысының басында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп , төреші сөз сөйлеп, оқушыларға өз Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарды бағалауға, өздерін еркелетіп өсіріп отырған Қазақстан елінің халқын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар болулары тиіс екендіктерін алға тартты. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге міндетті екенін атап өтіп, болатын дебат сайында топтарға сәттілік тіледі.

Нәтижесінде Биғабылова Нұрай мен Сүндетбай Жанеркенің тобы мықты аргумент, статистикалар келетіріп жүлделі орынға ие болып, мақтау қағаздарымен және тәттілермен марапатталды.